Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда басына телефонын жастап жатқан қыздың басын күйік шалды

облыстық ТЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2021 21:51 облыстық ТЖД
Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған.

Павлодарда телефоннан өрт шығып, қыздың басын күйік шалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметіне сүйенсек, тілсіз жау жатын бөлмені толық шарпыған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде орын алған.

Екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінде өрт шығып, үй заттары мен жиһаздар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:00-де өрт толығымен жойылды. Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 пайыз күйік шалған , - деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы міндетін атқарушы Тілекжан Галямов.

Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған.

Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған, - деді департаментте.

Оқиға орнына өрт сөндіруші жеке құрамның 16 адам мен 5 техникасы, медициналық көмектің 3 адам мен 1 техникасы жұмылдырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: