Дәрігерлер басына тас тиген 8 жасар қыздың жағдайы туралы айтты
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
10 шілдеде Алакөл жағалауына Талдықорғаннан бала-шағасымен келіп демалып жатқан отбасыға мас ер адам тас лақтырған. Салдарынан 8 жасар қыз зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға амбулаторлық деңгейде ем тағайындалды.
Сондай-ақ, аудандық ауруханаға көмекке жүгінгенде қызды кезекші дәрігер мен хирург дәрігер тексергені нақтыланды. Компьютерлік томографияға да қызды түсірген.
Қойылған диагнозы: оң жақ маңдайының жарақаты, терінің жыртылуы. Оң жақ шекесінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бүтін бір отбасы мінген көлікке тас лақтырып, қудалаған басбұзар ұсталды.
Тергеу кезінде құқық бұзушыға қатысты "келіп көрініп тұруды міндеттеу" түріндегі процессуальдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript