Екпе салдырған тағы бір алматылық ауруханаға түсті

inbusiness.kz inbusiness.kz
Екінші күні қалшылдап ауырып, есінен танып қалған.

Екпе салдырған тағы бір алматылық ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы оның туыстары мәлімдеді. Айтуларынша, вакцинаның екінші дозасын алған 44 жастағы азамат бір тәулік бойы өзін жайсыз сезінген. Екінші күні қалшылдап ауырып, есінен танып қалған.

Ер адамды жедел жәрдем қызметі №4 қалалық ауруханаға жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Туыстарының сөзінше, науқас екпені жұмысынан айырылып қалмау үшін, мәжбүрлі түрде салдырған. Вакцинаның бірінші дозасынан кейін де, бас ауруы жиілепті. Сондай-ақ, антибиотикке аллергиясы бар боп шықты.

Қазір дәрігерлер жағдайдың екпемен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз