Алматыда тағы бір бала коронавируспен ауруханаға түсті

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2020 19:57 Pixabay
Жалпы алғанда, бүгін Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасында 392 адам емделіп жатыр.

17 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясының 461 расталған жағдайы тіркелді. Жаңа жағдайлардың саны - 63 адам, оның ішінде 2004 жылы туған бала да бар, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, жаңадан анықталған науқастардың ішінде 10-ы - Орталық қалалық клиникалық аурухананың медициналық қызметкері, екі науқас ЖРВИ белгілерімен қабылданған, біреуі жедел жәрдем қызметінің қызметкері, сол секілді N 7 қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері де бар, N 12 қалалық емхананың - 2 қызметкері , Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының екі қызметкері және науқастармен байланыста болған 44 адамы оқшауланған, олардың 21-інде ЖРВИ және пневмония белгілері бар. Жалпы алғанда, бүгіндері Алматы облысынан келген науқасты ескере отырып, мегаполистің жұқпалы аурулар станционарларында 392 адам емделіп жатыр. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, төртеуінікі - ауыр, 92-нің - ауырлық деңгейі орташа (олардың ішінде аймақтан), 295 - қанағаттанарлық деңгейде", - деді ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: