Батыс Қазақстанда скарлатина жұқтырған тағы бір баланың жағдайы ауыр

Батыс Қазақстанда скарлатина жұқтырған тағы бір баланың жағдайы ауыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 10:57 Сурет: Zakon.kz
Төрт баланың екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, тағы екеуі Тасқала аудандық орталық ауруханасында ем алып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында скарлатина жұқтырған тағы бір баланың жағдайы ауыр. Жұқпалы дерт аудан орталығы - Тасқала ауылындағы 6 баладан анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Төрт баланың екеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, тағы екеуі Тасқала аудандық орталық ауруханасында ем алып жатыр.

Айта кетейік, скарлатинамен ауырып көз жұмды деген 4 жастағы қыз балаға патолого-анатомиялық сараптама жасалды.

Өлімге нақты қандай аурудың себеп болғаны қосымша зерттеулерден кейін анықталады.

Ал ауылдағы балабақша карантинге жабылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: