Әйелін атып өлтіріп, немересін жаралаған СҚО тұрғыны ұсталды

12 Мамыр 2021, 10:26
Сурет: guns.allzip.org

Солтүстік Қазақстан облысында әйелін өлтірді деген күдікпен 58 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан орталығы болып табылатын Тимирязевтағы үйлердің бірінде атыс болғаны туралы хабарлама полиция бөліміне 10 мамырда сағат 17:15-те келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері үйдің ауласынан 59 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Сондай-ақ, үйден оқ тиіп, жарақаттанған 14 жасар қыз табылды.

Зардап шегуші Тимирязев аудандық ауруханасына жатқызылды.

Мас күйдегі 59 жастағы үй иесі әйелімен ұрыс-керіс кезінде ИЖ мылтығын алып, әйелін атқанын, ол оқиға орнында қайтыс болғандығы анықталды. Үйде болған немересі де оқтан жарақат алған. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі , яғни "Адам өлтіру" және 24-бап, 3-бөлігі, 99-бап, 2-бөдлігі, 1-14-тармақтары, яғни "Адам өлтіруге оқталу" бойынша енгізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?