Көлігін тез жөндей қоймаған ТЖО қызметкерін әлдекім атып кетті
inform.kz
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы облысында жөндеуге берген көлігі ұзаққа тұрып қалғанына наразы болған көлік иесі ТЖО қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды zakon.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде 51 жастағы күдіктіні ұстады. Ал жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Бүгіндері оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті көлігінің ұзақ уақыт жөндеуде болуына наразы болып, сол үшін жәбірленушімен ұрсысып, көлік жөндеушіге оқ атқан. Күдіктіден заттай айғақтар алынды.
Ұлан Садықов, Текелі қалалық ПБ бастығы.
Күдіктіге қатысты 24-баптың 3-бөлігі, 99-бөлігі, 1-бөлігі, яғни "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript