Өскеменде мектеп оқушылары түрмеге есірткі лақтырып жүр

12 Мамыр 2021, 13:36
Сурет: ШҚО ҚАЖ Департаменті

Кәмелетке толмаға екі бала есірткіні Өскемен қаласының колониясынның біріне лақтыруға тырысты, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ҚАЖ Департаментіне сілтеме жасап.

ОВ-156/3 мекемесінің қызметкерлері түнгі уақытта колонияның айналасын кезекті тексеру кезінде, қоршау арқылы белгісіз затты лақтырмақ болған екі азаматты ұстады.

Олар Өскемен қаласының тұрғыны 17 жастағы мектеп оқушылары болып шықты.

Кәмелетке толмағандар негізгі қоршау арқылы ақ және жасыл түсті таблеткалары бар екі түйіншекті және ұялы телефон мен зарядкаларды лақтыруға тырысты. Кәмелетке толмағандарға қатысты хаттама толтырылды, - деді колония бастығы әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.

Тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасында көзделген жаза тағайындалуы мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?