Жоғалып кеткен павлодарлық жасөспірім елордадағы ауруханадан табылды

mir24.tv mir24.tv
Баланың елордаға қалай барғаны және үйден кетуінің себебі анықталуда.

Өткен тәулікте Павлодар облысы орталығының полициясына кәмелетке толмағандардың жоғалуы туралы үш өтініш түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz сайты облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, 7-сынып оқушысының анасы ұлының үйден жиі кетуіне байланысты полицияға шағыммен жүгінген.

Бұл жолы полиция жасөспірімді Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханадан тауып алды. Өз бетімен елордаға кетіп, қаланы аралап жүрген бала абайсыздығынан аяғын жарақаттап, медициналық көмекке жүгінген.

Баланың елордаға қалай барғаны және үйден кетуінің себебі анықталуда.

Сондай-ақ, 15 жастағы қыздың әкесі тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ер адамның айтуынша, олар әйелімен ажырасқан. Қыздың анасы Шарбақты ауданында тұрады. Қызы анасына баратындығын айтқан, алайда әкесі кешкісін телефон соққанда хабарласа алмаған. Полиция қыздың әкесін алдағанын анықтады, шын мәнінде ол досымен бірге қалада серуендеп жүргенін анықтады. Қыдырып болғаннан кейін келесі күні сағат 10-да үйге өзі оралған.

Басқа жағдайда 14 жастағы қыздың анасы полицияға көмек сұрап жүгінген. Ата-анасымен жанжалдан кейін қызы үйден кетіп қалып, ұялы телефонын үйде қалдырып кеткен. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жасөспірімнің Павлодар облысындағы ауылдардың біріне досына кетіп қалғаны анықталды.

Егер бала үйден кетіп қалса немесе қашамын деп қорқытса, бірден бұл жағдайға назар аударыңыз. Онымен сенімді қарым-қатынаста болуға тырысыңыз, - деді ювеналды полицияның арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.


Тек осы жылдың басынан бастап Павлодар облысының полициясына кәмелетке толмағандардың жоғалуы туралы 43 шағым түскен, қазіргі кезде олардың барлығы табылып, туыстарына қайтарылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз