Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында оқушы қызды бөлесі зорлап келген. Анасы бұған көз жұма қараған

Vesti.rs, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 15:42 Vesti.rs
Бүкіл ұятты жинап қойып, ана деген сезімінен аттай-пұттай қазір әйел ақша тауып, өзіне және туған әпкесінің баласына адвокат жалдап, әрекет етіп жатыр.

Бөлесі оқушы қызды зорлап келген, ал бұған анасы көз жұма қараған, полиция болса, бұл іске араласпауды жөн көріпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Желі қолданушысы Андрей Андреев Алматы облысында тұратын бір отбасындағы жағдайды баяндады.

Оның айтуынша, бұл масқара жайт ата-ананың ажырасуынан кейін басталған. Басында қыз бен ұл астанада әкесімен бірге тұрған, содан кейін олар Алматы облысына анасының қолына көшіп келеді.

Соңғы кездері кәмелетке толмаған қыз туыстарының, таныстарының үйін жағалап кеткен. Содан туыстары қыздың өз үйіне неге барғысы келмейтінін сұрап, білуге ​​тырысқан. Басында үндемей жүргенмен, кейіннен қыз ашылып, басындағы жайды баяндап берген. Анасы бас қосқан бөтен серігімен алкогольге жиі бас қояды, ондайда қызды Шамалғанда тұратын туған әпкесіне қоя береді, ал онда бөлесі қызға тиісетін болған, яғни шешесінің туған әпкесінің баласы, - деп жазады Андрей Андреев.

Қазір небәрі 15 жастағы қыздың айтуынша, мұның барлығы 8 жасында басталған.

Қазір қыздың бірге тұрып жатқан туыстары дереу полицияға арыз жазды, Нұр-Сұлтаннан әкесі де келді, бірақ мәселе одан әрі қозғалар емес.

Бүкіл ұятты жинап қойып, ана деген сезімнен аттай-пұттай қазір әйел ақша тауып, өзіне және туған әпкесінің баласына адвокат жалдап, әрекет етіп жатыр, - дейді Андрей Андреев.

Жазбада Қарасай аудандық ІІД тергеушісі де істі барлық жолмен тежеп, уақытты өткізіп, бәрін ұмыттыруға тырысып жатқан секілді деген пікір айтылады. Сондай-ақ, қыз оқыған мектептің завучы туыстарына "өткенді қопарып қайтесіңдер, бәрін ұмытып, болашақ үшін жаңаша өмір сүру керек" деген көрінеді.

Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Facebook-тегі бұл жазбаға қатысты пікір білдірді.

Сексуалдық қысым фактілері бойынша, Қарасай ауданының полиция басқрамасына қыздың әкесінің тәтесі болып табылатын азаматша Н арызданды. Ол 2006 жылғы сіңлісі А-ны анасы жағынан туысы болып табылатын азамат Р зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптайды. Қазір азамат Р-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді, - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші бірқатар сот сараптамаларын тағайындады, тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы қылмыстық процеске қатысушылардың барлық дәлелдері тексеріліп, қылмыс куәгерлері анықталады. Іс бойынша тағайындалған сот-медициналық сараптамалар мен тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Серік Күдебаев қылмыстық істі тергеуді жеке бақылауына алғанын хабарлады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: