Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменнің экс-әкімі Сауда министрлігіндегі лауазымды қызметінен де айырылды

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2021 20:09 azh.kz
Nur Otan партиясы оны өз қатарынан 27 сәуірде шығарды.

Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясы қатарынан шығарылғаннан кейін Сауда министрлігіндегі лауазымды қызметінен де босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

22 сәуірде Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаевтың Сауда министрлігінде лауазымды қызметке ие болғаны белгілі болды. Ол Экспортты ілгерілету бөлімінің бастығы болып тағайындалған.

27 сәуірде Nur Otan партиясының бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов Қуат Тұмабаевтың мемлекеттік қызметке болуға ешқандай моральдыққұқығы жоқ деп мәлімдеді, өйткені ол 3 жыл бұрын Риддердегі атышулы жол апатынан кейін қызметінен босатылған. 2018 жылы тамызда ол мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Б.Құрманбаевтың көлігінде болған. Жол-көлік оқиғасынан соң Тұмабаев басқа біреудің көлігінің рөліне отырып, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланды.

Платанов Тұмабаевтың Nur Otan партиясы қатарынан шығарылып, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басшылығына қазіргі қызметінен босату туралы ұсыныс хат жолданғанын хабарлады.

Біздің редакция ҚР Сауда және интеграция министрлігіне экс-әкімге қатысты қандай шешім қабылданғанын сұрап, сауал жолдады.

Министрлік Қуат Тұмабаевтың 2019 жылдың қазан айында жұмысқа қабылданғанын, жұмысқа қабылдау кезінде ол барлық талаптарға сай және өзін экспортты жылжыту саласындағы білікті маман ретінде көрсеткенін айтады.

Nur Otan партиясы оны өз қатарынан 27 сәуірде шығарды. Содан кейін, міне жұмысынан да айырылды.

Жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш түсіруіне байланысты Қ.М.Тұмабаевтың 2021 жылы 11 мамырда қызметінен босатылғанын хабардар етеміз, делінген ресми сауалға берілген жауапта.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: