Жаңалықтар тізбегі
0

Кентаудың экс-әкімі 10 жыл бас бостандығынан айырылды

Кентаудың экс-әкімі 10 жыл бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 17:45 Сурет: Түркістан облысы әкімдігі
25 тамызда астаналық сот Кентау қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рашид Аюповты ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы өзгертулерімен 177-бап (алаяқтық), 4-бөлімі, б тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы үкім шығарды. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


"Рашид Аюпов ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы өзгертулерімен 312 бабы, 5-бөлігі (пара беру) және 28-баптың 4-бөлігі осы бап бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу тағайындалсын. ҚР Қылмыстық кодексінің 1997 жылғы өзгертулерімен 41-бап, 3-бөлігі негізінде жеті жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалсын". Судья Қажымұхан Мекемтас

Рашид Аюповтан мемлекет кірісіне өндірілсін:

  • 1911 теңге сомасында іс жүргізу шығыны;
  • Сыбайлас жемқорлық қылмыстар нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге.
"Мұның бәрі шындыққа жанаспайды. Үкіммен мүлдем келіспеймін", - деді Рашид Аюпов сот залында.

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 2022 жылдың 11 наурызында Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.

2022 жылдың 17 қазанынан бастап Рашид Аюпов Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару департаментінің №64 аралас күзет мекемесінде (СИЗО) жалпы негізде қамауда. Бұл туралы тек 2023 жылдың 31 наурызында белгілі болды.

2023 жылғы 18 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының экс-әкіміне қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жіберу үшін Астана қаласының прокуратурасына жіберілгенін хабарлады.

Аюпов әкім болып тағайындалмай тұрып-ақ, 2022 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 98 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді.

2022 жылдың 13 шілдесінде Дәурен Махажанов 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: