Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға сотталды
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа, сонымен қатар делдалдар Б. мен Т.-ға қатысты саяжай және пара алу бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі).
Анықталғандай, сотталушы Махажанов лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, ЖШС директорын оған мемлекеттік-жекеменшік кәсіпорын келісімшартынан 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты патронатқа беруге мәжбүрлеген. Одан кейін заңсыз сыйақы алу мақсатында танысы Б. және Т.-ны іске тартқан. Олар ақша алу кезінде ұсталған.Алматы қалалық соты
Сотта айыпталушылар кінәсын мойындамады.
Сот үкім тағайындау кезінде сотталушылар Т. мен М.-ның жас балаларының болуы және сотталушы М.-ның қылмысты ашуға және тергеуге белсенді қатысуына қатысты жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды, сонымен бірге М.-ның мемлекеттік қызметші ретінде антын бұзуы сияқты жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді.
Сот үкімімен Махажанов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен, қылмыстық-атқару жүйесінің жалпы режимдегі мекемелерінде 10 жылға бас бостандығынан айырылды.Алматы қалалық соты
Б. пара бергені үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемелерінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Т. пара бергені үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең төмен мекемелерінде 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.