Қазақстанның кей жерінде күн салқындап, түнде үсік жүреді
24tv.ua
Бірақ 21 мамырда түстен кейін Иран жақтан жылы ауа массалары жылжып келіп, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық облыстарда 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Синоптиктер қысқа мерзімге ыстықтың беті қайтатынын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, 20 мамырда республикамыздың басым бөлігінде батыс және оңтүстік өңірлерді қоспағанда, сынап бағаны қысқа уақытқа күрт төмендейді деп күтіледі.
Түнде солтүстік, солтүстік-батыс, орталық, шығыс, оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде 2 градусқа дейін аяз күтіледі. Бірақ 21 мамырда түстен кейін Иран жақтан жылы ауа массалары жылжып келіп, температураны қайта жоғарылаты: солтүстік, солтүстік-батыс, орталық облыстарда 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Кей жерлерде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы да мүмкін, 20-21 мамырда республикамыздың шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.
Түнде және таңертең республикамыздың кей аймақтарында тұман күтіледі, - дейді синоптиктер.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript