Күн күрт суытып, үсік жүреді
Қазақстанда аптап ыстықтан кейін үсік жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК 24-26 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен орталығында демалыс күндері 33 ... 39 ° C градусқа дейін көтерілген сынап бағанасы енді күрт төмендейді. Қара суық келіп, ызғарлы күз басталады.
Арктикалық ауа ағыны жақындап, соның салдарының еліміздің орталығы мен шығысында жаңбыр жауады, қатты жел тұрады, ал түнде ауа температурасы минус 3 ° С дейін төмендейді.
Ал батыс және солтүстік облыстарда суық ауа фронттарының әсерінен үздіксіз жаңбыр басталып, арты нөсерге ұласады.
Келесі үш күнде де бұл өңірлерде жауын-шашын тұрақты жауып, түнде және таңертең тұман түсіп, күн суытады.