Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтіп жатыр
ҚР ҚХА
Жиын бүгін - 20 мамырда 11.00-де басталды.
Алматы қаласында республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің республикалық кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов ашты.
Республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен танысу және жақында сәуір айында өткен Ассамблеяның ХХІХ сессиясының нәтижелерін талқылау үшін Алматыға арнайы ұшып келдім. Бүгінгі кездесу барысында біз болашақтағы міндеттерімізді анықтайтын боламыз. Сондай-ақ, бірлескен жұмыстың әрі қарайғы бағыттары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды талқылаймыз, - деді Марат Әзілханов.
Іс-шараға Әзілхановтан бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары З.Кузиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.Нәбиев, А.Хамедов, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен жастары қатысып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript