Есімім – Теңгебай Ақшабек Миллионерұлы!

видеодан кадр видеодан кадр
Елімізде Саммит есімді 22 ер бала, Саммита атты үш қыз, 15 Саммитхан бар екен.

Естір құлаққа жат екені анық! Бұл әрине, қалжың. Алайда осы іспеттес ес кетірер есімдер елімізде аз емес, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әулетте нәрестенің шырылы естілсе дүйім жұрт болып есім іздейтін халықпыз. Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келген уақытына қарай Наурызбай, Боранбай, Жолдыбай деген есімдер беретін. Ал бүгін...

Бүгін заман басқа, қоғам бөлек. Қазақ жерінде тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындар уақытында елімізде туған 40 нәресте Азияда есімін иеленген екен. Жеңісті күндердің лебі жанкүйер ата-анаға осыншалықты әсер сыйлаған.

Сондай-ақ елімізде Саммит есімді 22 ер бала, Саммита атты үш қыз, 15 Саммитхан бар екен. Мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды қалт жібермейтін әулеттерде Астана, Нұрлыжол деген есімдер де кездеседі.

Ал бұл бүлдіршіннің есімі – Бәйдібэкспо! Иә, дұрыс естідіңіз. Ырсымовтар әулетінде 2017 жылы дүниеге келген баланың есімі - "ЭКСПО-2017 " Халықаралық көрмесінің құрметіне қойылған. Ал эскпоның алдындағы түбірі – бабамыз Бәйдібектей тұлға болсын деп қойдық дейді креатившіл әке.

Статистикалық агенттіктің ақпаратына сүйенсек соңғы уақыттардағы ерекше есімдердің тізбегі мынадай: Ромео, Теңіз, Эдельвейс, Ақсақал Арыстанбек, Саммидастана, Эверест.

Сонымен қатар 27 Мәслихат, 21 Мәжіліс, 13 Нұрлыжол, 9 Нұротан, 7 Сенат, 7 Партия атты отандасымыз бар!

Еліміздегі ерекше есімдердің еншісі осындай. Елден ерек есім қоямын деп еліріп кетпейік. Десе де Көтібар, Шеге мен Шөжелердің аттарын ешкім ұмытқан жоқ. Ал ЭКСПО, Азиядаларды келер ұрпақ қалай қабылдар екен?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Первый канал Евразия (@1tvkz)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз