Ақтауда 15 жастағы жеткіншектер үйленді
pixabay.com
Қыз бала үйіне қайтып барғанды ұят санаған екен.
Ақтауда он бес жастағы жасөспірімдер үйлену тойын өткізді. Жас қалыңдық өзін "алып қашқаннан" кейін үйіне қайтып келуді ұят санағанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz Sputnik Казахстан басылымына сілтеме жасап.
Жастардың тойы Instagram-да кеңінен талқылануда. Екеуі де колледж студенті.
- Екеуміз 2004-ші жылғымыз. Ата-енеммен Ақтауда тұрамын. Біз үш-төрт ай кездесіп жүріп, үйленуді шештік. Әрине, басында әке-шешелеріміз қарсы болды. Сосын мені алып қашты. Алп қашқаннан кейін үйге қайтып келу өте жаман нәрсе саналады, содан сол үйде қалуды ұйғардым. Оның үстіне, біз бір-бірімізді сүйеміз, - дейді қыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript