Өткен демалыс күндері коронавирус пен пневмониядан 25 адам көз жұмды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидахуалға байланысты тіркелген кісі өлімі статистикасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылы 22 мамырда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы, 4 кісі өлімі тіркелді, 34 адам ауруынан емделіп, жазылды. 1 тамыздан бастап тіркелген деректер: 54 706 жағдай, кісі өлімі - 888, ауруынан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 50 839, - деп хабарлады Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК.
24 мамырдағы жағдай бойынша елімізде коронавирусқа шалдығушылар туралы ақпарат
24 мамырдағы жағдай бойынша 33 002 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр (32.479: КВИ + және 523: КВИ -), оның 13 030-ы стационарда, ал 19 972 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.
КВИ + және КВИ- науқастар арасында:
- ауыр жағдайда - 729 науқас,
- өте ауыр дәрежеде - 178 науқас,
- тыныс алу аппаратына қосылғандары - 99 науқас.
COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметтер
2021 жылдың 23 мамырындағы жағдай бойынша аурудың 15 жаңа жағдайы тіркелді. 34 адам сауығып кетті.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 54 706 жағдай тіркелді, ал емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 50 839.