25 мамырда бірқатар cалықтар мен төлемдер мерзімі аяқталады
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылы 25 мамырда бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.
Сонымен, мынадай төлемдер мерзімі аяқталады:
КТС, 2021 жылғы мамырдың аванстық төлемдері;
Резиденттің төлем көзінен 2021 жылы сәуірде төленген және резидент еместің есептелген және төленген кірістерінен, сондай-ақ 2021 жылы сәуірде төленген алдын-ала төлем сомасынан ұсталған КТС;
Жеке тұлғалардың 2021 жылы сәуірде төленген кірістерінің төлем көзінен ұсталған КТС;
913.00 формасы бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанына арнайы салық режимдерінің бөлшек салығын қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация;
2021 жылдың 1 тоқсанына ҚҚС;
2021 жылдың 1 тоқсанындағы экспортқа рента салығы;
Тарихи шығындардың орнын толтырғаны үшін төлем, егер төлем мөлшері 2021 жылдың 1 тоқсанында 10000 АЕК-тен асса;
2021 жылдың 1 тоқсанына пайдалы қазбаларды өндіруге салық;
2021 жылдың 1 тоқсанына арналған өнімді бөлу келісімшарты бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі туралы, өнімді бөлісудегі Қазақстан Республикасының үлесі, роялти, өндірістік бонус;
2021 жылдың 1 тоқсанына ағымдағы салық төлемдері;
2021 жылғы сәуірге әлеуметтік салық;
Жер салығы, ағымдағы төлем 2021 жылдың 25 мамырынан кешіктірілмей;
Мүлік салығы, ағымдағы төлем 2021 жылдың 25 мамырынан кешіктірілмей;
2021 жылдың 1 тоқсанындағы ойын бизнесі салығы;
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем - 2021 жылдың 25 мамырынан кешіктірмей төленетін ағымдағы төлем;
Жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем - 2021 жылдың 1 тоқсанындағы ағымдағы төлем;
2021 жылдың 1 тоқсанына қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем (жылдық жалпы көлемінде төлем мөлшері 100 АЕК және одан жоғары төлеушілерге ластану объектілері, жылжымалы ластану көздері бойынша);
ҚР жұмыс істемейтін және ҚР салық төлеушісі ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар төлейтін радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем, 2021 жылғы сәуірде рұқсат алған жағдайда;
2021 жылғы мамырға сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін алым;
2021 жылғы сәуірдегі кірістен ұсталған міндетті зейнетақы жарналары;
2021 жылы сәуірде қызметкерлерге төленген кірістер бойынша есептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
2021 жылғы сәуірге әлеуметтік сақтандыру жарналары;
2021 жылғы сәуірде қызметкерлерге төленген кірісі үшін МӘМС жарналары;
2021 жылғы сәуірдегі кірістен ұсталған МӘМС жарналары.
2021 жылға арналған салықтар мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен салық күнтізбесінде таныса аласыз.