Жаңалықтар тізбегі
0

26 сәуірде бірқатар салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады

kapital.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2021 19:01 kapital.kz
Салықтар, төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен Салықтық күнтізбеде танысуға болады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 26 ​​сәуіріне дейін бірқатар салықтар мен бюджетке төлемдер төлеу қажет екенін еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, мынадай төлемдер жасалуы керек:

КТС, 2021 жылғы сәуірдің аванстық төлемдері;

Резидент және резидент еместің 2021 жылғы наурыздағы кірістерінен төлем көзінен ұсталған КТС;

2021 жылы наурызда төленген кірістің төлем көзінен ұсталған ЖТС;

2021 жылғы наурыздың әлеуметтік салығы;

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем:

- жеке тұлғалар – жерді ақылы пайдалану мақсатында алынып, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған жер учаскелері үшін, 2021 жылғы наурызда уақытша өтеулі жер пайдалану шарты жасалған жағдайда;
- уақытша өтеулі жер пайдалану келісімшарты 2021 жылғы наурызда аяқталған немесе тоқтатылған жағдайда;

ҚР жұмыс істемейтін және ҚР салық төлеушісі ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем, рұқсатты 2021 жылғы наурыз айында алған жағдайда;

2021 жылғы сәуірде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем;

Міндетті зейнетақы жарналары:

- азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша қызметкерлер мен жеке тұлғаларға 2021 жылғы наурызда төленген кірістен ұсталған ақы;

- 2021 жылы наурызда Дара кәсіпкерліктің өз пайдасына төленген кірісі (арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын Дара кәсіпкерлікті қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2021 жылы наурыздағы кірістері;

- 2021 жылғы наурызда сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде сақтандыру ұйымы төлеген төлемдер;

- ҚР азаматтары 2021 жылғы наурызда алған табысы бойынша өз еркімен төлейтін төлемдері:

- салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсету) қатысты азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттары бойынша;

- ҚР халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріндегі, шет мемлекеттердің ҚР-да тіркелген дипломатиялық өкілдіктеріндегі және консулдық мекемелеріндегі жұмысынан;

- ҚР аумағынан тыс жұмыстан;

- 2021 жылғы наурызда қызметкерлерге төленген кіріске есептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

- 2021 жылғы наурыздың әлеуметтік сақтандыру жарналары;

2021 жылғы наурызда қызметкерлерге төленген кірісі бойынша МӘМС жарналары;

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары:

- қызметкерлер мен жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша 2021 жылғы наурызда төленген кірістен ұсталған;

- 2021 жылы наурызда Дара кәсіпкерліктің өз пайдасына төленген кірісі (арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын Дара кәсіпкерлікті қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2021 жылы наурыздағы кірістері;

- өз бетінше төлеушілердің 2021 жылы наурызда алған кірісінен төленетін төлемдері.

2021 жылғы салықтар мерзімі мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен Салықтық күнтізбеде танысуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: