Салық бойынша жылдық есепті тапсыратын құжат нұсқаларының мерзімі аяқталады

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2021 19:49 inform.kz
Салық төлеуші ​​тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен бөлек, салық есептілігін ұсыну мерзімін электронды түрде ұсынған жағдайда оны ұзартуға құқылы.

Салық бойынша жылдық есепті өткізуге ұсынылатын құжат нұсқаларының (форма) мерзімі 31 наурызда аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда:

1. корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (100.00, 110.00, 150.00, 180.00 нұсқалары);
2. жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00, 240.00 нұсқалары);
3. артық пайдаға салынатын салық декларациясы (540.00 нұсқасы);
4. көлік құралдары салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация (700.00 нұсқасы);
5. жалдау (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00 нұсқасы);
6. фискальды шегерімді қолдана отырып, арнайы салық режимі бойынша тіркелетін декларация (912.00 нұсқасы);
7. бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00 нұсқасы).

Сонымен қатар, салық төлеуші ​​тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен бөлек, салық есептілігін ұсыну мерзімін электронды түрде ұсынған жағдайда оны ұзартуға құқылы, деп хабарлайды Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті.

Салық туралы толығырақ ақпаратты 1414 немесе @dgdalmaty телефондары арқылы біле аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: