Тауар әкелу өтініштері мен жанама салықтар мерзімі 20 мамырда аяқталады
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауарларды әкелуге өтініш беру және жанама салықтарды төлеу мерзімі 2021 жылы 20 мамырда аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл 328.00 нысаны, ЕАЭО-да ҚҚС төлеу мен акциз салығы, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша 2021 жылғы сәуір айына қатысты.
Сонымен қатар, 2021 жылғы сәуірде уақытша өтеулі жер пайдалану туралы келісім жасасқан, немесе қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алған жағдайда, 851.00 нысаны бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасының есебін ұсыну қажет.
Сондай-ақ, 2021 жылдың сәуірінде экологиялық рұқсат алған жағдайда, төлемдердің жылдық жалпы көлемінде 100 АЕК-ке дейінгі төлемдері бар төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялық төлемнің 2021 жылға арналған декларациясын 870.00 нысаны бойынша және өндірілген нормативті өтеуге сәйкес қоршаған орта эмиссиясы үшін төлейді.
Салықтар мен төлемдерді төлеу және салық есептерін ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен 2021 жылғы салықтық күнтізбеден таныса аласыздар.