Жаңалықтар тізбегі
0

Утилизациялық алымнан электр көліктері босатылады

Белорусьнефть, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 19:00 Белорусьнефть
Бұл бастаманы ӨКМ Операторы 2020 жылы ұсынған болатын.

2021 жылдың 4 маусымында экология, геология және табиғи ресурстар министрінің электр көліктеріне, электр автобустарына және электр жүк көліктеріне қатысты кәдеге жарату төлемін есептеу үшін нөлдік коэффициентті белгілеуді көздейтін бұйрығы күшіне енеді, деп хабарлайды zakon.kz "ӨКМ Операторы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді Қазақстан Республикасының аумағына электр көліктерін, электр автобустарды немесе электр жүк машиналарын әкелу кезінде көлік құралы үшін кәдеге жарату төлемі талап етілмейді.

Бұл бастаманы ӨКМ Операторы 2020 жылы ұсынған болатын. Осы мәселе жан-жақты пысықталып, талқыдан өткеннен кейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ресми құжатқа 2021 жылдың 13 мамырда қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін М1 санатындағы электр қозғалтқышы бар автомобиль үшін кәдеге жарату төлемі 437 550 теңгені, М2, М3 санаты үшін 1 166 800 теңгені құраған болатын. Жүк көлік құралдары үшін кәдеге жарату төлемінің мөлшері 1 020 950 теңгеден басталды.

Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының ақпараты бойынша бүгінгі күні елімізде 422 электр көлігі тіркелген. Экология министрлігі бұл шаралар Қазақстанда электромобиль өндірісін ынталандыруға, сондай-ақ экологиялық таза көлік құралдарын сатып алуға сұранысты арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.

Қазіргі уақытта ӨКМ Операторы электр қуаттау стансаларының инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоба шеңберінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан-Бурабай бағытында 103 жылдам электр қуаттау стансаларын орнатуды аяқтады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: