Қазақстанда күн қайта салқындайды

26 Мамыр 2021, 14:15
Сурет: jauns.lv

Қара теңіз аймақтарынан ойысқан антициклон Қазақстандағы аптап ыстықтың екпінін басады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК 27-29 мамырға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.

Синоптиктердің хабарлауынша, 27 мамырда Қара теңіз аймақтарынан ойысқан антициклон Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырдан бастап орталық және шығыс аймақтарына әсер ете бастайды.

Солтүстіктің суық ағындары аптап ыстықтың екпінін басып, сынап бағанын белгілі бір деңгейде төмендетеді: батыс аймақтарда түнде: 10 ... 22 ° С, күндіз: 27 ... 35 ° С, солтүстікте, еліміздің орталығы мен шығысында түнде: 5 ... 15 ° С дейін, күндіз 17 ... 28 ° C ыстық болады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, 28 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, бұршақ түсуі де мүмкін, - деп атап өтті метеорологтар.

Алайда ауа температурасының төмендеуі республикамыздың оңтүстік аймақтарына әсер етпейді.

Бұл өңір жылы ауа массаларының ықпалында болады және тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, деп толықтырды синоптиктер.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?