Хоккейден Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп кетті

vesti.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 15:13 vesti.kz
Плей-оффқа топтағы үздік төрт команда шығады.

Хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы көшбасшы Германияны жеңіп, плей-офф зонасына қайта көтерілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Германияға қарсы матчта 3:2 есебімен Қазақстан жеңді.

Бұл Ригадағы әлем чемпионатының топ-дивизионында ойнап жатқан Қазақстан құрамасының үшінші жеңісі. Төрт ойында жеті ұпайымыз бар әзірге.

Жеңіс әкелген шайбаны үшінші кезеңнің соңында (56-шы минутта) Алексей Маклюковтың пасын алған Павел Акользин салды.

Немістер осылай Қазақстанға қарсы матчта ойламаған жерден турнирдегі алғашқы жеңілісіне ұшырап қалды. Қазақстан бірінші рет негізгі уақыттағы "таза" жеңісіне жетті.

Топтық кезеңде Қазақстан енді үш ойын өткізеді – 28 мамырда Канада, 29 мамырда Италия және 31 мамырда Норвегияға қарсы матч бар. Плей-оффқа топтағы үздік төрт команда шығады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: