Жаңалықтар тізбегі
0

Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындықты бастады

qazsporttv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2019 23:41 qazsporttv.kz
Дүбірлі додаға жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Роман Старченко қатыспайды.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында елімізде өтетін Әлем чемпионатына (І дивизон, А тобы) дайындықты бастады. Бас бапкер Андрей Скабелка шәкірттері ТОП-дивизонға жолдаманы Беларусь, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея және Литва құрамаларымен сарапқа салатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz qazsport телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, дүбірлі додаға жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Роман Старченко қатыспайды. Сонымен қатар, Ұлттық құрамаға шақырту алғанымен "Барыстың" экс-шабуылшысы Найджел Доуста команда қосынына келмеді.

Жақында Қазақстан азаматтығын алған "Барыс" қоғаушысы Даррен Дицке жаттықтырушылар құрамы сенім білдіріп отыр.

Ұлттық құраманың кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар:

Бояркин Никита («Сарыарқа»)

Кудрявцев Сергей («Барыс»)

Карлссон Хенрик («Барыс»)

Севидов Валерий («Алматы»)

Қорғаушылар:

Диц Даррен («Барыс»)

Данияр Самат («Барыс»)

Ибрайбеков Мадияр («Барыс»)

Клещенко Никита («Номад»)

Липин Александр («Барыс»)

Маклюков Алексей («Барыс»)

Метальников Леонид («Сарыарқа»)

Орехов Валерий («Барыс»)

Полохов Кирилл («Барыс»)

Степаненко Иван («Бейбарыс»)

Степанов Дмитрий («Бейбарыс»)

Семенов Максим («Барыс»)

Шалапов Егор («Барыс»)

Лакиза Артемий («Номад»)

Шабуылшылар:

Акользин Павел («Барыс»)

Әсетов Алихан («Барыс»)

Боченски Брэндон («Барыс»)

Бойд Дастин («Барыс»)

Борисевич Александр («Сарыарқа»)

Белгібаев Нұрсұлтан («Алтай Торпедо»)

Волков Максим («Ertis»)

Гренц Дмитрий («Барыс»)

Гурков Дмитрий («Барыс»)

Кучин Иван («Бейбарыс»)

Михайлис Никита («Барыс»)

Некряч Антон («Бейбарыс»)

Петухов Егор(«Барыс»)

Рымарев Евгений («Торпедо»)

Сен-Пьер Мартин («Кунь Лунь Редстар»)

Сағадеев Антон («Барыс»)

Худяков Максим («Алтай Торпедо»)

Шестаков Аркадий («Торпедо»)

Шевченко Дмитрий («Барыс»)

Евдокимов Ярослав («Номад»)

Бас бапкер: Андрей Скабелка

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: