Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден әлем чемпионатына дайындықты бастады

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден әлем чемпионатына дайындықты бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2026 15:01 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз Испанияның Пучсерда қаласында өтетін IB дивизионындағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңі 1 сәуірде аяқталады. Одан кейін ұлттық құрама Испанияға аттанады.

Кеңейтілген тізімге келесі хоккейшілер енгізілді:

Қақпашылар: Вероника Агеева, София Агеева, Полина Говтва, Мария Яковлева (барлығы – "Торпедо", Өскемен), Арина Щеколова ("Томирис", Астана).

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы – "Томирис", Астана), Зере Жұмаш, Эвелина Емцева (екеуі де – "Айсұлу Таңдаулы", Алматы), Ева Иншакова, Катрин Мескини, Кира Крухольская, Ульяна Куклина, Айдана Рахатқызы, Полина Яковлева (барлығы – "Торпедо"), Калима Нигматулина ("Грация", Қарағанды).

Шабуылшылар: Алина Жакулина, Рената Лившиц (екеуі де – "Грация", Қарағанды), София Зубкова, Варвара Краюшникова, Полина Мокина, Злата Попова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – "Торпедо", Өскемен), Регина Какаулина, София Муравьева, Анфиса Новикова, Мадианна Нүсіпова, Василиса Шуклина (барлығы – "Айсұлу Таңдаулы", Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай (барлығы – "Томирис", Астана), Лариса Свиридова ("Айсұлу", Алматы).

Сонымен қатар "Айсұлу" хоккей клубының ойыншылары Аида Олжабаева, Пернеш Әшімова, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова, Елизавета Дюндина және Малика Алдабергенова әйелдер арасындағы Еуропа лигасы – EWHL плей-офф кезеңіне қатысып жатыр. Олар ұлттық құраманың Испаниядағы оқу-жаттығу жиынына қосылады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 12-18 сәуір аралығында өтеді. Біздің хоккейшілер Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамаларымен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: