Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты алдында шешуші дайындық кезеңін өткізіп жатыр

Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан Азия чемпионаты алдында шешуші дайындық кезеңін өткізуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 21:56 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

"Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірістік.

Бұл – Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қорытынды дайындығымыз.

Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария боксшылары қосылды.

Бірлесе нәтижелі жаттығу жиынын өткіземіз деген жоспар бар.

Алда әйелдер құрамасын бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр:

Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогының алғашқы кезеңі", – деді бас бапкер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: