Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да сотталған әйелдер өз балаларының суреттерінен фотостудия құрды

ШҚО ҚАЖ Департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 16:30 ШҚО ҚАЖ Департаменті
Сотталған әйелдер өз балаларымен кездесуді армандайды және көптен күткен кездесу күнін асыға күтеді.

ШҚО әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдер жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл күнді олар баларының қызықтарын естеріне алып көз жастарына да ерік береді.

Сотталған әйелдер темір қапастың арғы жағында отырып, балалар күнін атап өту үшін мереке ұйымдастырды. Релаксация бөлмесінде психологтың және мекеменің тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің көмегімен өз балаларының фотосуреттерінен фотостудия жасап, балаларға арналған өлеңдерді оқып, әндер айтып концерт ұйымдастырды. Осы іс-шарамен біздің сотталған әйелдер өз балаларына деген сүйіспеншілігі мен ынтасын білдіруге тырысты, дейді мекеме бастығының орынбасары Анар Сәбитова.

"Мен балаларымды қатты сағындым. Бүгін осы өлеңдерді оқи отырып, мен оларды өз көз алдымда елестеттім және тек баларымды ойлап, жақын арада кездесуімізді тіледім", деді сотталған.

Мен балаларымды 12 жыл көрмедім. Бұл мерекені 12 жыл бірге атап өтпедік. Осы жерден балаларымды жылда құттықтап хабарласамын. Бостандыққа шыққан соң балаларымды ерекше жолмен құттықтауға тағы бір мүмкіндігім болады деп үміттенемін. Бұл күн "балаларды қорғау күні" деп аталады, ал мен 12 жыл бұрын балаларымды нашақор күйеуінен қорғап қалу үшін, оны өлтірген едім. Сол қылмысым үшін 20 жылға сотталдым. Қайда болсам да, мен әрқашан олармен бірге боламын және оларды әрқашан барлық қиындықтардан қорғаймын, - деді сотталған Лариса Антонюк.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: