Әділет майоры Арсен Жаспанов: Қарттар күні – адамның кәрі екенін еске салу емес
Семейде Затон аудандық пробация қызметінің қызметкерлері "Әлем Спас" қоғамдық қорымен бірлесе отырып, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін "Халықаралық қарттар күнімен" құттықтады, дейді ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Ардагерлерге құрмет көрсету "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-нің қолдауымен Анар Еркінғалиқызы Абдуахитова және жеке кәсіпкер Перизат Сматқызы Касенова арқылы өтті.
Бұл күні әрбір ардагер үшін сыйлықтардан басқа, көп жылғы еңбегі үшін жылы сөздер, денсаулық және ұзақ өмір тілектері табылды. Ардагерлер өз кезегінде 1 қазан мерекесінде жылы шырайлы атмосферада, бір шыны шай ішіп, өз тәжірибелерімен және кәсіби өмірдегі естеліктерімен бөлісті. Олар үшін - бұл естеліктерге ерік берген кездегі көптен күткен және толқытатын кездесу.
Қарт адамдарға оларды бағалайтынын білу маңызды, ал мереке күніндегі құттықтаулар ерекше жағымды болды. Аға буын өкілдерінің баға жетпес өмірлік тәжірибесі жастар үшін адамгершілік бағдар, еңбек ерлігінің үлгісі және үлгі болуы тиіс, - деп түсіндірді бөлім бастығының орынбасары әділет майоры Арсен Жаспанов.
Бұл мерекелік күн жас туралы еске салу емес, қарт адамдарға ерекше көзқарас күні, өз қамқорлығы мен қолдауын білдірудің тағы бір себебі. Сондықтан, "Күміс жас күні" пробация қызметінің жеке құрамы "Әлем Спас" қоғамдық қорының басшысы Берікбол Айболұлымен бірге қала көшелеріне шығып қарт адамдарға ұзақ өмір және мықты денсаулық тілей отырып, гүл шоқтарын сыйлады.