Жаңалықтар тізбегі
0

Нығматулин Жапон Парламентінің Спикері Тадамори Ошимамен сөйлесті

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 20:18 Ж.Құспанов
Нұрлан Нығматулин елдің саяси жүйесін жаңғырту жайында әңгімеледі.

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының спикері Тадамори Ошимамен Қазақстан мен Жапония арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен парламентаралық диалогты нығайту туралы келіссөз жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеконференция байланысы арқылы өткен кездесуде Мәжіліс Төрағасы Жапония Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктес ел екенін, қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, ынтымақтастықтың берік іргетасы қаланғанын, оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғанын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 20:18

Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапониямен көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін айтқан Нұрлан Нығматулин елдің саяси жүйесін жаңғырту, отандық заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстар туралы, Президенттің саяси реформаларындағы негізгі болып табылатын митинг және сайлау туралы заңдар жайында әңгімеледі.

Атап айтқанда, Палата Спикері 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерде заңнамада көзделген 30 пайыздық квотаны, Мәжіліс сайлауында саяси партиялар үшін өту шегін төмендету, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне "Барлығына қарсы" бағанын енгізу сияқты заңнамадағы жаңалықтарды атап өтті.

Кездесу барасында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық байланысты жандандыруды қолдады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 20:18

Өз кезегінде, Тадамори Ошима Жапония Қазақстанмен ынтымақтастыққа зор мән беретінін және стратегиялық серіктес мемлекет екенін, екі ел арасындағы сындарды байланыс одан әрі нығая түсететіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруға қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Нұрлан Нығматулин мен Тадамори Ошима парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 20:18

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: