Қазақстан - Мальта матчы өтпейтін болды

kff.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 20:58 kff.kz
Аустрияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты.

7 маусым күні Аустрия жерінде өтуі тиіс жолдастық матч ойналмайды, деп хабарлайды zakon.kz Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Македония астанасы Скопьеде, сосын 7 маусым күні Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта құрамасымен жолдастық кездесулер өткізуі тиіс болған.

Алайда, пандемияның өршіп тұрған кезінде Аустрия аумағына виза алу өте қиынға соқты. Аустрияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстан құрамасына виза беруден бас тартты.

Осы мәселеге байланысты Қазақстан - Мальта матчы ойналмайды. Демек, Талғат Байсуфинов баптайтын командамыз 4 маусым күні Македонияға қарсы ойнап болған соң, Қазақстанға оралады. Екінші жолдастық ойын күздегі УЕФА датасына қалдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: