Шарындағы трагедия: балаларды жіберген ата-аналардан жауап алынуда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2021 18:26 видеодан кадр
Мектеп басшылығы кінәлі емес деседі.

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға байланысты тергеушілер №199-шы мектепте оқитын оқушылардың ата-аналарынан жауап ала бастады, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Олардың ішінде экскурсияға бармағандары да бар. Ал ата-аналар мұғалімдер мен мектеп басшылығының ешқандай кінәсі жоқ деп отыр. Өйткені, балаларды қыдырту туралы идеяны бәрі қыстан бері талқылап, жазғы демалысқа шыққанда ұйымдастырыпты. Нәтижесінде аталмыш білім ордасынан 20 шақты адам аттанған. Оның тең жарымы оқушылар.

Динара Демеубаева, ата-ана:

Оны ата-аналар өздері шешім қабылдап, ата-аналар өздері өздері барамыз деді ғой. Орынды да, автобусты да ата-аналар шешім қабылдаған, мұғалімдердің еш қатысы жоқ. Мұғалімдерді шақырдық бірге барсын деп. Автобус жалдадық, бөлек гид жалдадық.

Айнұр Тәшімова, ата-ана:

Бұл жерге қатысқан да, қатыспаған да ата-аналарды шақырып жатыр. Балалардан да допрос аламыз дегеннен кейін арыз жазып жатырмыз. Біз балаларымызға бермейміз арыз деп, допрос жасауға рұқсат бермейміз деп.

Осы қайғылы оқиға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Еске сала кетейін, 29 мамырда Алматы облысының аумағыдағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде нөсер жаңбыр салдарынан сел жүріп, экскурсияда жүрген мектеп мұғалімі мен оқушы опат болған еді. Ал, із-түссіз кеткен 10 жастағы қыз аман-есен табылды. Жарақат алып ауруханаға жеткізілген 6 адамның қазір үшеуі ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайлары тұрақты, тиісті ем-домдарын алып жатқанын айтады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: