Өскеменде ата-аналардан ақша жинау тыйылмай тұр
Сурет: Zakon.kz
Өскеменде бірнеше мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар оқу жылы аяқталар тұста әдеттегідей ата-аналардан ақша жинаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің мәліметі бойынша, директорлар қаржыны тікелей өздері жинамаса да заңсыз әрекеттерін сынып жетекшілері мен ата-аналар комитеті арқылы іске асырған.
Дегенмен тексере келе жиналған қаржы мектеп бітірушілердің альбомы мен мұғалімдерге сыйлық алуға жұмсалатыны анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал қалалық білім бөлімнің басшысы бұл жағдайдан мүлде бейхабар екендігін айтады. Десе де осы іске тікелей қатысы бар сынып жетекшілеріне шара қолданылатынын жеткізді.
"Мұғалім сынып жетекші болғаннан кейін сыныбында ата-аналардың арасында не болып жатқанын, қандай шешім қабылдап жатқанын біледі. Енді өзі қолымен жинамаса да ол хабардар, ол осының барлығына кедергі болмады. Сол үшін біз сынып жетекшілерді жауапқа тартамыз." Сәуле Алагөзова, қалалық білім бөлімінің басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript