Жаңалықтар тізбегі
0

Атпа, рөлде бала! Аркалықта жаға ұстатар қуғын болды

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2021 21:05 kolesa.kz
Жеткіншек тізгіндеген, әрі салонда бірнеше жолаушы бар Mitsubishi Pajero полициядан қашпақ болды.

Желіде Арқалық қаласында түсірілген видео тарады. Одан тәртіп сақшыларының ескі Mitsubishi Pajero-ны қуып бара жатқанын көруге болады. Көліктің рөлінде бала отыр, әрі ол жалғыз емес. Жолаушы орындығындағы ер адам оны тоқтатудың орнына, полицейлерді балағаттап әлек, дейді zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Бір кезде тәртіп сақшылары күшпен тоқтату жөнінде шешім қабылдап, автокөліктің дөңгелегіне оқ атады. Бұған ызаланған ересек жолаушы рөлде бала отырғанын айтып, айқай салады.

Ескерту! Видеода балағат сөздер айтылады. 18+

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | ????????Kz (@kris_p_kz)

Оқиғаның қалай аяқталғаны әзірше белгісіз. Видеодан екі шинаның тесілгені байқалады. Жол талғамайтын көлік ұсталған сияқты, алайда жергілікті полиция департаменті бұған қатысты ресми мәлімет бермеді. Жуырда заң бұзғандар кешірім сұраған видео жариялануы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: