Шіркеудегі атыс пен өрт: АҚШ-та Мормон басшысы қайтыс болғаннан кейін жаға ұстатар оқиға болды

Шіркеудегі атыс пен өрт: АҚШ-та Мормон басшысы қайтыс болғаннан кейін таңқаларлық оқиға болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 10:13 Сурет: бейнежазба скриншоты
2025 жылғы 28 қыркүйекте Мичигандағы Мормон шіркеуінде бірнеше адам оққа ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC7 New York мәліметінше, атыс Детройт қаласынан шамамен 80 шақырым жерде орналасқан Гранд-Бланк қаласындағы Иса Мәсіхтің Соңғы Замандағы Әулиелер Шіркеуінде болған. Оқиғадан кейін бірден ғимарат өртке оранды.

Жергілікті полицияның айтуынша, тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ, себебі шабуыл жасаған күдікті өлтірілген.

Оқиғаның себептері әзірге белгісіз. Сондай-ақ жараланған адамдардың нақты саны да жарияланған жоқ.

Шіркеу тұрғын үйлерге және Гранд-Бланктегі Иегова шіркеуіне жақын орналасқан. Бұл өңірде шамамен 8 мың адамнан тұратын қауым бар, ол Флинт қаласының маңында орналасқан.

Бұған дейін АҚШ-та жүзді алқамдаған мормондар көшбасшысы Рассел Нельсонның қайтыс болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: