Украинада Жоғарғы Раданың экс-төрағасын өлтіріп кетті: Зеленский көңіл айтты

Украинада Жоғарғы Раданың экс-төрағасын өлтіріп кетті: Зеленский көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 17:06 Сурет: Х/svtv_news
2025 жылғы 30 тамыз күні Львов қаласында Жоғарғы Рада спикері болған Андрей Парубий оққа ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Украинаның Страна.ua басылымы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, қылмыс Сыхов ауданында болғанын жазады.

"Түскі шамада 102 желісіне атыс туралы хабар түсті. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты", - делінген ресми хабарламада.

Украиналық БАҚ-тың мәліметінше, қылмыскер тағам жеткізу қызметі Glovo-ның курьері болуы мүмкін. Алдын ала деректерге сәйкес, киллер саясаткерге сегіз рет оқ атып, тапаншаны сөмкесіне салып, оқиға орнынан кеткен.

Украина президенті Владимир Зеленский қылмыскерді табу үшін барлық күш жұмсалатынын айтты.

"Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко мен бас прокурор Руслан Кравченко Львовтағы сұмдық кісі өлтірудің алғашқы мән-жайларын баяндады. Андрей Парубий қаза тапты. Туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: