Әкім шарасыз. Байыған біреу көшені сатып алып, қоршап қойды

7 Маусым 2021, 11:00
Сурет: видеодан кадр

Жерді сатып бітіріп, енді жолды саудалау басталды. Алматы облысында бүтін бір көшенің тұрғындары үйлеріне кіре алмауда. Себебі көшенің бас жағын белгісіз біреу қоршап алған. Салдарынан елдімекенге не жедел жәрдем, не апатты қызметтер кіре алмайды. Ал әкімдік болса жерді біз берген жоқпыз мәселені сот арқылы шешіп алыңдар депті. Ортақ көшенің иесі қайдан пайда болды?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылының тұрғындарынан бірнеше күннен бері маза кетті. Ондағы Әзірбаев көшесінің бас жағын әлдекім қоршап алған. Салдарынан тұрғындар үйлеріне кіре алмауда. Бірінің көлігі іште қалса, енді бірінікі сыртында қалып қойған. Қараусыз қолған машиналарды тонап кетіпті. Жұрт ауыл мен аудан әкіміне шағымданғанымен мәселенің шешілетін түрі жоқ. Қан қысымы көтерілген жанға жедел жәрдем келе алмай дәрігерлер қоршаудан аттап өтулеріне тура келіпті.

Серікбол Құлшанов, Абай ауылының тұрғыны:

2009 жылдан бері пайдаланып келдік. Жабылғаны осыдан екі-ақ күн болды. Притом түн ішінде жапты. Әкеліп сваркілеп, күндіз жасаса да болады ғой. Сонымен халықтың өзі жолсыз отыр. Бұл жол деген қайлай дегенде де қатынассыз болмайды.

Ауылға кіру үшін не жолды ашу керек. Не болмаса өзеннен өтетін көпір салуға тура келеді. Қоршауда қалған абайлықтар енді не істерлерін білмей дал.

Заңгерлер жер телімі берілген кезде заң талаптары мүлдем ескерілмегенін айтады. Су қорғау аймағы кем дегенде 16 метр болу керек Бұл жерде өзен арнасы мен қоршаудың арасы 1 метр ғана. Оның үстіне жол да ескер ілуі тиіс екен.

Мадияр Әлжаппар, заңгер:

Кадастрлік номерін тексерген кезде өндірістік база салу деп қойған мақсатын. Ешқандай экологиялық талаптар, ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мынандай өзеннің жағасына мынандай өндіріс салуға рұқсат бермейді.

Мән-жайды білмек болып аудан әкімдігіне бас сұққанымызбен не әкімді не орынбасарларын орнынан таба алмадық. Әкімдіктегілер ауыл әкімінің орынбасарын шақырыпты. Қолында құзыры жоқ қызметкер мәселені сот арқылы ғана шешу керек дегеннен аса алмады.

Еламан Өмірбаев, Райымбек ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Ол негізі сот арқылы шешілетін сұрақ. Себебі, шағымданушылардың да қолдарында заңды құжаттары бар. Жәбірленушінің де заңды құжаттары қолында. 2006 жылы заңды сатып алған. Договор купли-продажи бәрі бар.

Әкім орынбасары тұрғындар мен көшені қоршап алған жер иесімен кездесіп сот аяқталғанша жолды ашып беруге өтініш айтатынын жеткізді. Ал зеңгерлер мәселені сот арқылы шешетін болса, оған кем дегенде 6 ай қажет екенін айтады. Осылайша, өз ауылдарында емін-еркін жүруден қалған жұрт енді кімнен көмек сұрайтынын білмей отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?