Екі алаяқ 210 адамның сыртынан 26 миллион теңгенің несиесін тіркеген
zakon.kz
Азаматтарға келтірілген жалпы материалдық шығын 26 миллион теңгені құрады.
Елорда тұрғындары 210 адамға сырттай онлайн-несие тіркеген. Күдіктілер азаматтардың жеке деректерін әлеуметтік желілерден алған, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Қостанай облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері микрокредиттік ұйымдардың бірінде онлайн несие алуға өтініш білдірген екі астаналық тұрғынның азаматтарды алдау схемасын анықтады. Алаяқтар әлеуметтік желіден азаматтардың жеке деректерін алып, оларды пайдалана отырып, онлайн-несие рәсімдеді. Алаяқтардың әрекетінің салдарынан республикамыздың 12 аймағында 210 адам зардап шекті. Несиелер 70-тен 300 мың теңге көлеміне дейін тіркелген, - деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
Жәбірленушілердің көпшілігі өз атына несие тіркелгенін полиция қызметкерлерінен, қалған бір бөлігі SMS хабарламалар келгенде, микрокредиттік ұйымдардың қызметкерлері қоңырау шалған кезде бір-ақ білген.
Азаматтарға келтірілген жалпы материалдық шығын 26 миллион теңгені құрады. Киберқылмыскерлер түрлі банктердің виртуалды карталарына қаражаттарды аударып, кейіннен оларды букмекерлік кеңседе ставкалар қоюға пайдаланды, - деді ол.
Қазіргі уақытта күдіктілер Қостанайдың уақытша тергеу абақтысына қамалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript