Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы
pixabay.com
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының көп бөлігі фронтальды ауа массаларының ықпалында болады.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-да 8-10 маусымға арналған ауа-райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағының көп бөлігі фронтальды ауа массаларының ықпалында болады.
10 маусымда Қазақстанның орталығы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ түсуі мүмкін деп күтіледі. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрады. Елімізге тағы бір суық антициклон келеді. Солтүстік-батыс антициклон еліміздің солтүстік бөлігіндегі сынап бағанының төмендеуіне әкеліп соғады, - дейді метеорологтар.
Еліміздің қалған бөлігінде температуралық фонға қатысты айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript