20 қарашаға арналған ауа-райы болжамы
![zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 15:46](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-f171f23d-039a-4931-a66c-415b9cb53371/800x452.webp)
Синоптиктер 20 қарашаға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райы антициклон ықпалында болады, дегенмен ауа-райы, негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде фронтальды бөліктердің әсерінен қар жауады. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірде қар қылаулайды, - делінген "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК хабарламасында.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын жел болады, желдің екпіні - 15-20 м / с деп күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз қатты жел тұрады: 15-20 м / с.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматыда ауа-райы бұлтты, күндіз -8 градус суық болады.
Нұр-Сұлтанда қар жауады, күндіз -11 °.