Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік сатып алу кезінде өзара сөз байласқан екі компания анықталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 20:32 zakon.kz
Тендерлердің жалпы сомасы 14,6 млрд.теңгені құрады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) автомобиль жолдарын салу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу істері барысында алдын ала сөз байласу фактісін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті "АБК-Автодор НС" ЖШС мен "Казахдорстрой" ЖШС арасындағы автомобиль жолдарын салу және жөндеу қызметтерін сатып алу бойынша конкурстардағы бағаларды қолдау бөлігіндегі картельдік сөз байласу фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Тендерлердің жалпы сомасы 14,6 млрд.теңгені құрады, делінген агенттік хабарламасында.

"АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС мемлекеттік сатып алуға қатысты, оның бірі сатып алуды ең жоғары ықтимал баға бойынша өтті деп тану үшін екіншісіне жалған бәсекелестік тудырғаны анықталды.

Схема былайша жұмыс істеді: "АБК-Автодор НС" ЖШС және "Казахдорстрой" ЖШС бәсекелестік күрес көріністерінсіз, бастапқы бағаға тең не ең аз төмендетумен бағаны ұсына отырып, бір-біріне жалғыз бәсекелес болды. Субъектілердің әрекеттері монополияға қарсы заңнаманың ережелерін бұзып қана қоймай, бюджет қаражатын үнемдеуді де жояды. Бұл құқық бұзушылықтарды монополияға қарсы орган мемлекеттік сатып алу порталы мониторингінің қорытындылары бойынша анықтады.Қазіргі кезде тергеп-тексерулер объектілері тергеп-тексеру нәтижесіне сотқа шағым жасап жатыр, деп хабарлады БҚДА.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: