Отандық құс фабрикалары баға белгілеуде өзара сөз байласқан деген күдікке ілінді

ҚР Премьер министрінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2021 20:01 ҚР Премьер министрінің баспасөз қызметі
Құзырлы агенттік Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тауық жұмыртқасын өткізуді жүзеге асыратын 7 құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады.

Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% құрады, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Қабылданған шаралар есебінен екінші апта қатарынан картоп (-0,4%), пияз (-1,3%) және сәбіз (-2%) бағасының төмендеуі байқалады. Бір апта ішінде қырыққабат бағасының өсу қарқыны 0,1%-ға дейін төмендеді.

Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға белгілеу бойынша бәсекелестікке қарсы сөз байласқан іс-әрекеттер белгілері бойынша Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында тауық жұмыртқасын өткізуді жүзеге асыратын 7 құс фабрикасына қатысты тергеуді бастады.

Тауық жұмыртқасы, құс еті және қант нарығы субъектілеріне бағалық сөз байласу белгілерінің болуына және түрлі бағаларды қолдануына қатысты 12 хабарлама жіберілді.

Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: