Жаңалықтар тізбегі
0

Екінші толқын ұзаққа созылады – сарапшы

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 17:38 видеодан кадр
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында блок бекетттер қойылды. Орал қаласында шектеулер енгізілді.

Коронавирустың екінші толқыны ұзаққа созылады. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық орталық маманы осындай болжам жасады. Ол бұған нақты екі себеп бар дейді. Сарапшы өз жорамалын жасап жатқанда, елде тағы 610 қазақстандық вирусты жұқтырғаны анықталды. Бұл теріс көрсеткіштен алға шыққан үш облыс та белгілі. Олар қай өңірлер?

116 мың отандасымыз жұқтырған вирус туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Екінші толқынның ұзаққа созылатынын Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталық басшысының орынбасары Бауыржан Жүсіпов мәлімдеді. Оған екі себер бар, дейді маман.

Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары:

Біріншіден, қазіргі коронавирустың толқыны респираторлық кезеңге тап келді. Тұмау, не басқа жұқпалы ауру қазанда басталып, сәуірде аяқталады. Демек, осының өзі коронавирус таралу мезгілін созуы мүмкін. Екіншіден, медицинада инфекция тез шарықтау шегіне жетсе, тез қайтады деген қағида бар. Бірақ біз қазіргі вирустың олай қатты тарағанын көріп отырған жоқпыз.

Маман соңғы аптада өршіген коронавирус желтоқсан айында келеді деп болжанған екінші толқынға ұласуы әбден мүмкін, дейді. Үкіметтегілер бірінші кезеңнің сценариі қайталанады деп қаймықса керек. Елдегі ПТР тест пен жеке қорғаныс құралдарының бағасы арзандатуды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне тапсырыпты. Соңғы аталғандар инфекцияның ағзада бар-жоқтығын анықтайтын рәсім құнын 18 мыңнан 9, кей жерде 6 мыңға дейін түсірген. Ал, дәріханаларда бетперде 60 теңгеден 26 теңгеге дейін арзандапты. Агенттіктен әрі қарай бұл қызметтер бағасын бақылайсыздар ма деп сұрадық

Жанар Әдікова, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департамент директорының міндетін атқарушы:

Жоқ. Біз ешкімге күштеп қызмет құнын түсірткізбейміз. Біз бизнес өзі осы ұсыныстарымызға құлақ асады деп ойлаймыз. Әсіресе, ескі бетперделер қоры біткенде, жаңаларын әкелгенде жеке кәсіпкер үстінен артық сома қоспай, өз бағасына сәйкес сатады деп үміттенеміз. Бұл айтқаным ПТР тесттерге де қатысты.

Сөйтсек, агенттік тек келіссөздер жүргізген. Өйткені ешқандай кәсіп көзіне күштеп ПТР мен жеке қорғаныс құралдарының құнын төмендету құқығы жоқ. Демек, бизнестің бұл "комплеансқа", яғни келіссөздерге құлақ асып-аспайтыны белгісіз. Сондай-ақ соңғы 24 сағатта вирусты 610 және оның белгілер бар пневомнияны 46 адам жұқтырған ел ішінде. Өкінішке қарай, тағы 6 отандасымыз індет құрбаны болды. Соңғы аптада "КОВИД-19" елдің Шығыс Қазақстан, Павлодар мен Қостанай облыстарында өршіп тұр. 12 мың адамға індет жабысқан шығысқа Премьер-министр Асқар Мамин мен министр Алексей Цой да барды. Ал, облыстың бас СЭС маманы былай дейді.

Талғат Тұңғышбаев, облыстық тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушы:

Облыс коронавирус таралуы қарқыны бойынша әлі де қызы аймақта. Сегізінші қараша күні 11 аудан қаласында 214 адамның зерттеулерінде "КОВИД-19" расталды. Жаңа тіркелген науқастар аумақтық бөлу бойынша Өскеменде -88, Риддерде - 62, Семей -50, Курчатов -10, Глубокий ауданында - 18, қалған аудандарда бір-екі жағдайдан тіркелуде.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында блок бекетттер қойылды. Орал қаласында шектеулер енгізілді. Айта кетейік, бүгінде "КОВИД-19"-ды жұқтырғандар саны 116 мыңнан асты. Оның 107 емделген. Мамандар 190 жанның халі мүшкіл дейді. Соның өзінде кейбір азаматтар жалпыға ортақ ережені тәрк етуде. Мысалы, бүгін түнде әлемнің түкпір-түкпірінен ел астанасына қонған 4 рейстеге 30 адамның ПТР тесті болмай шыққан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: