Елімізде КВИ жұқтырған оқушылар саны күн өткен сайын көбейіп жатыр

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2020 23:36 24.kz
Аурудың көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында анықталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов коронавирус инфекциясымен ауырған балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

2 сәуір мен 7 қазан аралығында республикамызда коронавирус инфекциясының диагнозы расталған 2 551 бала тіркелді. 5 қазандағы жағдай бойынша республикамызда мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясының 138 жағдайы тіркелді, оның 52-сі кезекші сыныптарда, 86-сы қашықтықтан оқып жатқан оқушылар арасында анықталды.

Тағы бір жағдай интернатта анықталды. Бүгінгі күні барлық байланысты тұлғалар анықталып, карантинге 14 күнге орналастырылды.

- 7 қазандағы жағдай бойынша бір айдан 18 жасқа дейінгі 74 бала коронавирусқа шалдыққан. Аурудың көп бөлігі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында анықталды. 10 бала ауруханаға жатқызылды - бұл 14,3%, үй карантинінде - 60 бала немесе 86% дерлік. Жалпы, 32 бала симптомы білінбейтін КВИ жұқтырған, 31 бала да жеңіл түрімен, жетеуі орташа ауырлық дәрежесіне ие, оның ішінде бір балаға бактериялық пневмония диагнозы қойылды, ал екіншісіне Covid-19 белгілері бар, асқынған вирустық пневмония анықталды. Барлығы 46 мектеп пен балабақшадағы кезекші топқа барған үш бала қадағалауға алынды, - деді Бағдат Қоджахметов ОКҚ брифингінде.

Ол барлық азаматтарды мұқият болуға, маска киюге, зарарсыздандыру құралдарын қолдануға және әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырды. Бір апта бұрын елімізде мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың 104 жағдайы тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: