Ірі табиғи қорық - "Семей орманының" қызметкерлері парамен ұсталды

8 Маусым 2021, 10:29
Сурет: zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеумен айналысып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи қорығының лауазымды адамдарына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді қолға алды, тергеу әлі жүргізіліп жатырп, келтірілген шығын мөлшері анықталуда, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Айып дәрежесін анықтай отырып, соңғы үкімді сот шығарады.

"Семей орманы"» мемлекеттік орман табиғи қорығының аумағы Солтүстік Қазақстан облысынан 6,6 есе үлкен.

Қарағайлы орманның тек аймақ тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл ел үшін эстетикалық және сауықтыру тұрғысында маңызы бар. Оның үстіне табиғи-климаттық жағдайларға байланысты ормандарды күзету және қорғау мәселесі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі болып табылады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?