Алматы облысында шұнқырға құлап кеткен екі адам құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ
Алматы облысының 112 пультіне екі адамның шұңқырға құлауына байланысты көмек сұрап, хабарламалар келіп түскен. Алайда екі жағдай екі бөлек елдімекенде орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші оқиға Жамбыл ауданындағы Мыңбаев ауылында тіркелді, онда адам кәріз құдығын қазу кезінде шұңқырға құлап кеткен.
"Оқиға орнына келген құтқарушылар авариялық - құтқару жұмыстарын жедел жүргізіп, арқан мен зембілдің көмегімен зардап шегушіні шығарды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Екінші оқиға Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында орын алды.
1988 жылы туған ер адам су айдайтын шұңқырға құлап, оның аяғы бетон бағанның астында қысылып қалған. Құтқарушы шұңқырға түсіп, зардап шегушіні босатып оны қауіпсіз жерге шығарды.
Қазір зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында, олардың өміріне ештеңе қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript