Қазақстанда картоп бананнан қымбат болды

9 Маусым 2021, 09:20
Сурет: видеодан кадр

Еліміздің бірқатар аймақтарында картоп пен сәбіз бағасы шарықтап кетті. Бір келісінің құны экзотикалық жемістің құнымен бірдей. Базардағы бағаны көрген тұрғындар атқарушы билікке базыналарын айтып жатыр. Нағыз көкөніс пен жеміс-жидекке қарық болатын кезде баға неге өсіп кетті?

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

Қай базарға барсаң да саудаласқан жұрт. 5-10 теңге болса да, арзанға алғысы келеді. Жаңыл апа ай сайын алатын 70 мың теңге зейнетақысына бұрынғыдай толтырып азық-түлік ала алмайтынын айтады. Екі апта бұрын ғана келісі 220 теңге болған картоптың бағасы 360 теңге болып кеткен.

Бұл коммуналдық базардағы баға. Ал кей дүкенде келісі 400 теңгеден. Саудагерлердің өзі бұрын-соңды мұндай қымбатшылық көрмегенін айтады. Ал бағаның өсуін оңтүстік өңірден келетін тауар көлемінің азайғанымен түсіндіреді. Айналдырған 2 жүк көлігімен келген көкөніс қала түгілі, облысты қамтуға жетпейді деп отыр.

Мәншүк Төлепова, сатушы:

Әзірбайжан кеше 340 теңгеден келді, 350 теңгеден сатылымға қойдық. Шымкенттікінің бағасы – 320 теңге, 330-340 теңгеден сатылымға қойып отырмыз. Сәбіздің бүгінгі ценасы 400 теңге. Келген кісілер бізге мынадай бағада сатып отырсыңдар, неге ондай бағада сатасыңдар , сіздерді акиматқа айту керек, түрлі сөздерді айтады, бұл жерде біздің кінәміз емес.

Тұрақтандыру қорындағы картоп пен сәбіз сәуірде таусылған. Ал сырттан әкелген көкөністің бағасын ұстап тұру қиын. Әкімдіктегілер бағаның аспандап тұрғанынан хабардар. Жергілікті бау-бақша өнімі піскенше, оңтүстіктің тауар өндірушілерінен тікелей сатып алып, бағаны реттемекші.

Асқар Көкеев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

Жанар-жағармай өсті, электроэнергиясына тарифтер өсті. "СПК-Ақтөбе" арқылы 2 машина тікелей барып, соны әкеліп, бағаны азайтамыз.

Бағаға қатысты базынасын айтып отырған жалғыз ақтөбеліктер емес. Солтүстік өңірдегілер де көкөніс құнының шарықтап кеткеніне наразы. Базарда картоп пен сәбіздің келісін 400 теңгеге саудалап жатыр.

Шығыстағылар да Шымкенттен әкелген көкөністің бағасына тәуелді екендерін айтады. Әлеуметтік дүкенде картоп пен сәбіздің бағасы шамалас, 360-380 теңгеден.

Оңтүстіктегі бағаға ойыссақ, Шымкентте картоптың келісі 300 теңге, ал сәбізді- 400-ден сатып жатыр. Әкімдіктегілер қымбатшылықты сатылымға биыл піскен өнімнің түскенімен және сұраныстың артуымен түсіндіреді. Соңғы бір жарым айдың ішінде картоптың бағасы 4,5 пайызға, сәбіздің бағасы 17 пайызға өсіп отыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?