Жаңалықтар тізбегі
0

KazSat қызметін тоқтатады

fergana.media, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2021 20:29 fergana.media
2024 жылға қарай жер шарын төмен орбитадағы спутниктер қамтитын болады.

KazSat қызметін тоқтатады. Қаржы министрлігі қаржыландырудың болмайтынын айтты. Цифрлық даму министрлігі орбитадағы қазіргі KazSat-2 спутнигін алмастыруы тиіс болатын KazSat-2R жобасын іске асыруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Негізі, KazSat-2 өз ресурсын 2024 жылы тауысады, ал онсыз KazSat-3 жұмыс істей алмайды. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Екатерина Смышляева қазақстандық спутниктік KazSat жүйесінің тағдыры туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, 2020 жылы KazSat-2R жер серігін құру және ұшыру жобасын іске асыру басталып, мердігерге 900 млн теңге аванстық төлем аударылып қойған.

– KazSat-2R жерсерігі орбитада жұмыс істеп тұрған KazSat-2 спутнигін алмастыруы керек еді. KazSat-2 өз ресурсын 2024 жылы тауысады. KazSat-2 мен KazSat-3 спутнигі жұптасқан орбиталық жүйе, олар Қазақстанды ұялы байланыс пен спутниктік байланыспен, Интернетпен және радио мен телевизиямен қамтамасыз етеді. Жұмыс тобында сіздің министрліктің аэроғарыш комитеті төрағасы Оралмағамбетов осы KazSat-2R жобасын іске асыруды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді Смышляева.

Осылайша, оның сөзінше, KazSat-2 спутнигі жұмысын тоқтатып, орбитада жалғыз KazSat-3 спутнигі қалатын жағдай туындауы мүмкін.

– Сіздердің мамандарыңыз KazSat-2 спутнигінсіз KazSat-3 дұрыс жұмыс істей алмай, байланыс қызметтерінің барлық спектрін тұрақты түрде қамтамасыз ете алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты сұрақ туындайды: сонда тұрақты ұялы және спутниктік байланыс, Интернет, телехабар мен радио жұмысы қалай қамтамасыз етіледі? – деді ол салалық министрлікке қарата.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин шынымен де мұндай шешім қазақстандық спутниктер ұсынатын Интернет жылдамдығының төмендігіне байланысты екенін растады.

– Іс жүзінде KazSat-2 және KazSat-3 өз қуатының 75%-ына ғана жүктелген. Қазір ғарыш саласындағы технологиялардың қаншалықты қарқынды дамып жатқанын көріп отырмыз. KazSat-2 және KazSat-3 – геостационарлық спутниктер, олар Интернетпен қамтамасыз етеді. Бірақ ол Интернеттің жылдамдығы бір нүктеге секундына 10 мегабитті құрайды, – деп түсіндірді ол.

Министр қазір 2020 жылы коммерциялық пайдалануға шыққан төмен орбиталық спутниктер топтарға назар аударылып отырғанын айтты. Бұлар атап айтқанда америкалық Starlink, еуропалық OneWeb спутниктері.

– Біз бұл жобаны жүзеге асыруды жоспарлаған кезде біз тағы да KazSat-2-ні алмастыру үшін 58 млрд теңге жұмсаудың қаншалықты қажет екенін сараладық. 2024 жылға қарай жер шарын төмен орбитадағы спутниктер қамтитын болады, олар бір нүктеге секундына 200 мегабит жылдамдықтағы Интернет ұсынады. Яғни, бұл біздің KazSat-2 және KazSat-3 ұсына алатын бүгінгі жылдамдықтан әлдеқайда жоғары. Екінші мәселе – біз кең жолақты Интернетке құрып жатырмыз әрі спутниктік Интернетті тұтыну азаяды, ол тек шалғайдағы ауылдық жерлерге бағытталады. Биыл екі оператормен бірге пилоттық жобалар жүзеге асырылуда, олардың технологияларын бізде сынау үшін. Тағы бір мәселе – біздің территориямыз АҚШ пен Еуропамен бір параллельде орналасқан, сондықтан біздің параллельдің Интернетпен қамтылатыны күмәнсіз, – деп сендірді министр Мусин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: